Гарвард денсаулық сақтау мектебіндегі әріптестерімен бірлесіп жасаған неміс ғалымдарының зерттеуі адамдардың бойының ұзындығы дене салмағы мен басқа да тәуекел факторларынан тыс кейбір жиі таралатын аурулардан болатын өлім-жітімге ықпал ететінін дәлелдеді.
Эпидемиологиялық деректер орташа бой 6,5 сантиметрге ұлғайған кезде жүрек-қан тамырлары ауруынан орын алатын өлім-жітім 6 пайызға төмендейтінін көрсетеді. Авторлардың айтуынша, бойдың өсуі жоғары калориялы, ақуызға бай тағамды көп тұтынудан болады.
Бұл денсаулық бағдарламасы ананың құрсағында болғанда, жасалып қояды. Адамның бойының өсуі 1 және 2 инсулин сияқты факторлармен қамтамасыз етілетінін атап өтеміз. Оның жүйесін белсендіру ағзаның инсулинге сезімталдығын арттырады. Ал бауырда май аз жиналады. Бойы ұзын адамдарда жүрек-қан тамырлары мен сусамыр ауруларының тәуекелі төмен болатыны осыдан.
Зерттеу авторлары дәрігерлерге осыны назарда ұстауға шақырады, деп жазады шетелдік БАҚ.