Қарағандыда жүкті əйелдің өліміне шошқа тұмауы себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жүкті əйелдің өліміне шошқа тұмауы себеп болған

Қарағандыда жүкті əйелдің өліміне шошқа тұмауы себеп болған

Қарағандыда жүкті əйелдің өліміне шошқа тұмауы себеп болған. Бұл туралы бейсенбі күні Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

  • 4 Ақпан 2016
  • 470
Фото - Caravan.kz


"Перзентханаға түскен əйел вакцина салдырмаған болып шықты", деді ол журналистерге.
Министр инфекцияның таралу кезеңі қарашаның басынан ақпан айының соңына дейін жалғасатынын еске салды.
"Осындай жағдайларды болдырмау үшін біз тұмау таралмай тұрып вакцина саламыз. Биыл 1 млн 700 адамға екпе егілді", — деді Т.Дүйсенова.
Айтуынша, қазіргі таңда еліміз бойынша тұмау жұқтырған 165 адам ауруханада жатыр.
Өткен сейсенбіде Қарағанды облысының клиникалық ауруханасында тұмау жұқтырған жүкті əйел қайтыс болды. Тұмау вирустық бактериалды пневмониямен асқынып кеткен.