БҰҰ Ассанжды бас бостандығынан айыру туралы шешімдерді заңсыз деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Ассанжды бас бостандығынан айыру туралы шешімдерді заңсыз деп тапты

БҰҰ Ассанжды бас бостандығынан айыру туралы шешімдерді заңсыз деп тапты

БҰҰ-ның арнайы тобы Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды бас бостандығынан айыру туралы шешімдерді заңсыз деп тапты. Бұл туралы бейсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.

  • 4 Ақпан 2016
  • 299
Фото - Caravan.kz


Бүгін таңертең Дж.Ассанж БҰҰ арнайы тобы оны қолдау туралы шешім шығармайтын болса британдық полицияға берілетінін мəлімдеген болатын.
«Ертең жұмыс тобы мені Ұлыбритания мен Швецияға қарсы шағымымды қанағаттандырмаса, жұма күні түсте елшілік ғимаратынан шығып, британдық полицияға берілемін. Себебі, әрі қарай маған тағылған айыпқа қарсы шағымданудың пайдасы жоқ», — деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісінде.
Сонымен қатар, Дж.Ассанж жұмыс тобы жүргізген зерттеулер оның кінәсіздігін дәлелдеуге мүмкіндік береді деп үміттенетінін де жасырмайды.
Д.Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде бас сауғалап отыр. Швеция оны 2010 жылы екі əйелді зорлады деген айыппен өз еліне экстрадициялауға күш салуда.