Қызылорданың «Қайсары» Анталияға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың «Қайсары» Анталияға аттанды

Қызылорданың «Қайсары» Анталияға аттанды

Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы Түркияның Анталия қаласына аттанды, - деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 4 Ақпан 2016
  • 490
Фото - Caravan.kz


Ақпан айының 4-18 ақпан аралығында 25 футболшы осында  оқу-жаттығуын өткізбек. 

Бапкер  Сұлтан Әбілдаев бастаған  құрам отандық чемпионаттың премьер-лигасында өнер көрсетуге тәжірибесі жеткілікті легионерлер мен аяқдопшыларды іріктейді. Алдағы уақытта жанкүйерлер үмітін ақтау үшін сапалы ойыншылар қатарын арттыру — басты назарда. Оқу-жаттығу кезінде төрт жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отыр. 
Бүгінде «Қайсар» жаңа мамандармен толыққан. Олар — қызылордалық жанкүйерлерге жақсы таныс, 2015 жылғы Бірінші лиганың үздік бапкері атанған Александр Москаленко. Өткен маусымда ол теміртаулық «Болат АМТ» командасын басқарған болатын.  А.Москаленкомен келісімшарт жасалды. Енді ол «Қайсардың» бас бапкерінің көмекшісі боп қызмет атқарады. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера