— Полиция қызметкерлеріне не үшін ұсталдыңыз?
— Ұрлық болды.
— Қай жерде қандай заттар алдыңыз?
— Сол тон, копьютер, ноутбук…
Сұғанақ ұрлаған заттарын өзі тұрып жатқан үйге жинапты. Бағалы киім-кешек, тұрмыстық техника, құрылысқа арналған құрал-жабдықтар, тіпті бесікке дейін жымқырған. Жеңіл табысты көздеген күдікті пәтерлерге күндіз, яғни үй иелері жоқ кезде түсіп отырған. Әзірге полицейлер оның Наурызбай ауданының өзінде 5 пәтерді тонағанын анықтады. Дегенмен, табылған айғақтардың көптігіне қарағанда, тонаушылықпен басқа да аудандарда айналысқан болуы мүмкін. 36 жастағы күдікті Өзбекстанның тумасы.