Алматы облысында оқушыларды тегін тамақтандыруға 3 млрд теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында оқушыларды тегін тамақтандыруға 3 млрд теңге бөлінеді

Алматы облысында оқушыларды тегін тамақтандыруға 3 млрд теңге бөлінеді

Алматы облысы оқушыларды тегін тамақпен 100 пайыз қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы 2 ,3 млрд теңге қаражат бөлсе, биыл 3 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өтіп жатқан ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында Алматы облысы əкімінің орынбасары Алтай Өнербаев мəлім етті.

  • 5 Ақпан 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізге белгілі, «Білім туралы» заңға өзгерістер меп толықтырулар енгізіліп, орта білім беру ұйымдарына сынып жетекшілігі, педагогикалық əдеп қағидасы, психологиялық көмек қағидасы, мектеп формасын енгізу дер кезінде жəне маңызды шара болып, алғаш рет заңнамамен қолданысқа енгізілді. Осы орайда,  облыс əкімдігі тарапынан жаңартылған заң талаптары бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жан жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір білім сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасы талқыланып, кең қолдауға ие болды. Оның ішінде оқушыларды тегін тамақпен 100 пайыз қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы облысымызда 2  млрд 300 млн теңге  қаражат бөлінсе, биыл 3 млрд теңге қаражат бөлініп отыр», — деді облыс əкімінің орынбасары.