Ауғанстан аумағында екі мәрте жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан аумағында екі мәрте жер сілкінді

Ауғанстан аумағында екі мәрте жер сілкінді

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 906 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында жер сілкінді. Бір сағат өткен соң осы аумаққа жақын тұста тағы да бір жер сілкінісі тіркелді.

  • 8 Ақпан 2016
  • 271
Фото - Caravan.kz

«2016 жылғы 8 ақпанда Алматы уақытымен 06 сағат 33 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 906 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,9. MPV тербелісі 4,3. Тереңдігі 200 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», — делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.
Арада бір сағат өткен соң сол аумақта тағы да бір жер сілкінісі тіркелді.
«2016 жылғы 8 ақпанда Алматы уақытымен 07 сағат 15 минут 39 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 877 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,9. MPV тербелісі 4,7. Тереңдігі 200 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», — делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.