«Алтын сапа» байқауына өтінімдер қабылдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын сапа» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Алтын сапа» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы «Алтын сапа» және руспубликалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына өтінім қабылдау басталды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, өтінімдер  2016 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданатын болады.

  • 8 Ақпан 2016
  • 335
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға Қазақстан аумағында тауар өндіретін, қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Дегенмен, айтулы шараға қару-жарақтар, әскери техникалар шығаратындар, мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан жоғары болып табылатын кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан заңнамаларына сәйкес, оңалту және банкроттық мәселелер бойынша процедуралар жүргізіліп жатқан ұйымдар қатыса алмайды.

Бұл ретте байқауға қатысуға ниет білдірушілер 2016 жылғы шілденің 1-іне дейін рәсімдеу Ережелеріне сәйкес өтінім мен материалдарын ұсынулары тиіс.