Түркия министрі Ахмет Яссауи университетіне барды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия министрі Ахмет Яссауи университетіне барды

Түркия министрі Ахмет Яссауи университетіне барды

Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының Экономика министрі Мұстафа Елиташ іс-сапармен болды. Сапар барысында құрметті қонақ киелі Түркістан шаһарында болып, Ахмет Яссауи университетіне арнайы барды.

  • 9 Ақпан 2016
  • 472
Фото - Caravan.kz

Екі елдің ынтымағы мен бауырластығының символына айналған оқу орнының ұжымы Мұстафа Елиташ мырзаны зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Мұстафа Елиташ Ахмет Яссауи университеті қалашығының макетімен танысып, «Түркі халықтарының мұражайын» тамашалады. Содан кейін министр университеттің құрметті қонақтарына арналған «Лебіз кітабына» өз тілегін білдіріп, қолтаңба қалдырды.

Университетке арнайы келген мәртебелі мейманға университет президенті, профессор Уәлихан Әбдібеков алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен ұлттық шапан жауып, сый-сияпат табыстады. 


1
2
3
4