Тұрғын үй құрылысына қатысты жобалар мерзімінде аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй құрылысына қатысты жобалар мерзімінде аяқталады

Тұрғын үй құрылысына қатысты жобалар мерзімінде аяқталады

Экономикалық қиындықтарға қарамастан, тұрғын үй құрылысы саласында басталған барлық жоба мерзімінде аяқталады. Бүгін Астанада өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай деді. Осы күнге дейін 165 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Тозығы жеткен баспаналарда күн көріп жатқандар үшін 5 көппәтерлі үйдің құрылысы басталады. Оған жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Әкімнің айтуынша, жақын арада кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға 105 пәтерлі көпқабатты үй беріледі. Әйтсе де, бұл салада даулы мәселелер де жоқ емес. Өңірде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан Қазақстан ипотекалық компаниясы екі жылдан бері екі-ақ үйді пайдалануға берген. Бірінші берілген 35 пәтерлі шағын нысанның өзіне қоныстану 3 ай бойы жүріпті. Ал өткен жылдың соңында берілген екінші үйдің қызығын көрген әлі ешкім жоқ.

  • 9 Ақпан 2016
  • 338
Фото - Caravan.kz


Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

— Мұны компанияның мердігерлермен ымыраға келе алмауы, олармен соттасуы көрсетіп отыр. Ипотекалық компанияның менеджменті мен заң қызметі әлсіз екендігін көрсетеді. Екі тарап нысанның бағасына келісе алмай отыр. Нәтижесінде Мемлекет басшысының халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасы орындалмайын деп тұр. Ал бізде 15 мың тұрғын кезекте тұр.