Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
— Қазір жолға шыға салып айыппұл салмайтынымыз белгілі. Дегенмен ескертуге құлақ аспай, жолаушылардың өмірін қауіп-қатерге тіккен жүргізушілерді жауапкершілкке тарту керек. Биыл боранды күні мың жарымға жуық көлік пен 4 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылған. Оның 200-ден астамы – балалар. Діттеген жеріне жете алмаған көлік жүргізушілерінің арасында жаз дөңгелектерін ауыстырмай, жолға шығып кеткендері де кезіккен.