Павлодар облысында голландтық раушан гүлдер өсірілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында голландтық раушан гүлдер өсірілмек

Павлодар облысында голландтық раушан гүлдер өсірілмек

Бұл жөнінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Индустрияландыру картасы арқасында жүзеге асқан жаңа өндiрiстер былтыр жыл соңында 40 млрд теңгенің өнiмін берген. Қазір 20-дан астам жоба iске асыру кезеңiнде тұр және олардың инвестициясы 800 млрд теңгеге жуықтайды. Биыл жергілікті атқарушы билік 25 млрд теңгенiң 11 жобасын iске қоспақ. Сол кезде 600 жұмыс орны ашылады екен. Аталған бастамалдарың ішінде раушан гүл өсіретін жылыжай да бар.

  • 9 Ақпан 2016
  • 3023
Фото - Caravan.kz

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

— Елбасының үлкен зауыттардың маңынан қосымша кіші кәсіпорындар ашу тапсырмасын орындау бойынша аймақта біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі – бірнеше күннің ішінде ресми түрде ашылғалы тұрған раушан гүлдер жылыжайы. 5 гектар жерде 7 млн дана голландтық хош иісті раушан гүлдер өсетін болады. Жылыжай Екібастұздың бірінші су электрстансасының жанында болғандықтан артық жылу энергиясы осы жерге беріледі.