Оңтүстік Корея: Пхеньян Жер серігін орбитаға сәтті шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея: Пхеньян Жер серігін орбитаға сәтті шығарды

Оңтүстік Корея: Пхеньян Жер серігін орбитаға сәтті шығарды

Солтүстік Корея өз Жер серігін орбитаға шығара алды, бірақ оның жұмыс істейтіні-істемейтіні әзірге белгісіз, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігіне сілтемемен Би-би-си.

  • 9 Ақпан 2016
  • 222
Фото - Caravan.kz

Есімін атамаған Америка билігінің өкілі Си-эн-эн компаниясына КХДР шығарған серік орбитада бақылаусыз айналып жүргенін және қандай да бір пайдалы қызметтерді орындауға қабілетсіз екенін мәлімдеді.

Пхеньян жексенбі күні шығарылған серіктің коммуникациялық қызметтерді орындап отырғанын, ал оны орбитаға шығару бойынша барлық іс-қимылдар табысты өткенін мәлім етті.

Халықаралық қоғамдастық Пхеньянның әрекеттерін айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциялары Пхеньянға ядролық технологиялар, сондай-ақ баллистикалық зымырандарды шығарумен байланысты кез келген қызметті жүзеге асыруға тыйым салып отыр.

ҚК-нің төтенше отырысында қабылданған мәдімдемеде алдағы уақытта Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларды енгізу туралы резолюцияның қарастырылатыны жазылған. Бұл Солтүстік Кореяның БҰҰ жарғысын өрескел бұзып отырғанына жауап болмақ.


АҚШ алдағы уақытта Оңтүстік Кореяға қолдау көрсетіп, оның аумағында зымыранға қарсы заманауи кешенді салатынын мәлімдеді.