Түркияда ереуілшілер қауіпсіздік операциясын доғаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда ереуілшілер қауіпсіздік операциясын доғаруды талап етті

Түркияның Диярбақыр қаласында ереуілге шыққан «Күрдістан жұмысшылар партиясының» мүшелері мен тәртіп сақшылары шекісіп қалды. Наразы топты тарқату үшін полиция жасағы сумен атқылап, көз жасаурататын газ пайдаланды. Оқиға елдің оңтүстік-шығысында болды. Ашуға булыққан мыңдаған адам «Түркия үкіметі күрдтерге қарсы қауіпсіздік операцияларын доғарып, тұрғындарға қырғидай тиюін тоқтатсын» деп талап қойды. «Күрдістан жұмысшылар партиясы» мен билік арасындағы кикілжің былтыр Суруч қаласындағы лаңкестік әрекеттен кейін басталған болатын. Аймақтағы тәртіпсіздіктер доғарылмаған соң, өткен жылдың желтоқсан айынан бері коменданттық сағат жарияланды. Қазір Түркия мен АҚШ және Еуроодақ «Күрдістан жұмысшылар партиясын» лаңкестік топ ретінде қарастырады.

  • 10 Ақпан 2016
  • 250
Фото - Caravan.kz