«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев президент Нұрсұлтан Назарбаевқа холдингті трансформациялау және активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысы жайлы әңгімелеп берді.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы компанияның ағымдағы шығындары 520 млрд теңгеге қысқартылған. Бірқатар инвестициялық жобаларға кейінге қалдырылып, нәтижесінде 255 млрд теңге қаржы үнемделді. Кредиторлармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде компанияның қарызы 7 млрд долларға қысқарды.
Н.Назарбаев жекешелендіру бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, процестің ашық өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.