Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс орталығындағы дүкендердің бірінен сатып алушыдан ішінде миллион теңгеден астам ақша болған сөмкені ұрлағаны жайлы ақпаратты Көкшетау қалалық ІІБ-ге дүкен сатушысы мәлім еткен.
Аталған факт бойынша патрульдік жасақтар хабардар етілді, ұрының және сөмкенің сыртқы бейнесі сипатталды.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде ЖБО бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жаяу жүріп бара жатып, ақша санаған күдіктіні байқап қалды.
Ұры ақшаны жұмсап үлгермей, тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.