Мемлекеттік қызметкерлердің адаммен тіл табысуы және қызмет сапасы жіті қадағаланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметкерлердің адаммен тіл табысуы және қызмет сапасы жіті қадағаланатын болады

Мемлекеттік қызметкерлердің адаммен тіл табысуы және қызмет сапасы жіті қадағаланатын болады

Мемлекеттік қызметкерлердің адаммен тіл табысуы және азаматтарға көрсеткен қызмет сапасы жіті қадағаланатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әли Көмекбаев мәлім етті.

  • 11 Ақпан 2016
  • 766
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда 90 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Енді олардың әрқайсысы жыл бойы және жыл соңында бағалаудан өтіп отырады. Мемлекеттік қызметкерлерді бір орган немесе бір тұлға емес, басшылығы, әріптестері және қол астындағы қызметкерлері де бағалап отырады. Онда мемлекеттік қызметкердің азаматтармен жұмыс істеуі ғана емес, этикалық жүріс-тұрысы да ескеріледі.

Сонымен қатар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын орындауға бағытталған әрбір мемлекеттік қызметкердің жеке жұмыс жоспарының орындалуы да қаралады.

«Әрбір қызметкердің әрбір қимылы жіті бақыланады десе де болады. Бақылау нәтижесі қызметкерді ынталандыруға, оған бонус төлеуге, оның дамуы мен оқытылуына және басқа да басқару шешімдеріне әсер етеді», — деді ол.


Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң күшіне енді.