Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды

Ірі көлемде есірткі саудалаған дәмхана қожайыны ұсталды

Алматыда дәмхана қожайыны ірі көлемде есірткі саудалап келген. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Ақпан 2016
  • 407
Фото - Caravan.kz

31 жастағы ер адамның қылмыстық әрекеті жайлы құлақтанған полиция оны «гашиш» есірткісін сатып жатқан жерінен ұстады. Жедел операцияны «Арлан» арнайы бөлімінің жасағы жүргізді.

Дәмхана қожайыны келушілерге 1 келі 300 грамм болатын «тауарды» әзірлеп қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ, есірткіні қапшыққа салатын құрал мен ас үй таразысы табылды.

Қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Азамат Садыровтың айтуынша, күдікті қазір қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.


null
null
null
null