Францияда мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысты: алты бала опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысты: алты бала опат болды

Францияда мектеп автобусы мен жүк көлігі соқтығысты: алты бала опат болды

Бүгін таңертең Францияда мектеп автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан алты бала қаза тауып, шамамен үш адам, соның ішінде автобус жүргізушісі жарақаттар алды.

  • 11 Ақпан 2016
  • 362
Фото - Caravan.kz

Автобустың Францияның батысында Приморьелік Шаранта департаментінің Иль-Олерон және Сюржер қалаларының арасында жүріп тұрғаны атап өтіледі.

Куәгерлердің айтуынша, шақпақтас тасымалдап келе жатқан жүк көлігінің қозғалысы кезінде тіркемесі ажырап, автобусқа соғылды.

Автобустың ішінде 17 адам болған. Оқиға орнында ап

аттық-құтқару қызметтері мен полиция жұмыс істеуде.

Франция президенті Франсуа Олланд қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, өз халқының тілектестігіне сендірді.

Еске сала кетейік, бұл Францияда екі күннің ішінде балаларды тасымалдаған көліктің қатысуымен адам өлімімен аяқталған екінші оқиға. Сәрсенбі күні ел шығысында балалар автобусының жүргізушісі қар басқан жолда көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылды. Оқиға салдарынан екі оқушы қаза тауып, жетеуі жарақаттанды.