Жарыс қысқа бағдарламада 18 ақпанда, Астана уақыты бойынша сағат 10.45-те өтеді. Ашылуы сағат 13.40-та. Еркін бағдарлама 19 ақпанда сағат 11.30-ға жоспарланған.
«Настямен бір жарым жылдай бірге сырғанап жүрміз. Ол алғаш рет төрт құрлық чемпионатына қатысып жатыр. Мен үшінші рет бұл додада бақ сынамақпын. Бұл біз үшін маусымдағы маңызды жарыс. Сондықтан өзімізді жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижеге жеткіміз келеді», — деді Жүнісов.
Денис Тен 19 ақпанда сағат 15.55-те қысқа бағдарламада, 21 ақпанда сағат 10.00-де — еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.