Еске сала кетейік, денсаулығына байланысты спортшы төрт континент Чемпионатына қатысуын тоқтатуға мәжбүр болды. Ол әлеуметтік желілерде де белсенділігін доғарды.
«Құрметті достар, жылы сөздеріңіз бен мен үшін алаңдап отырғандарыңызға рахмет. Жағдайым жақсарды, наурыз айында Бостонда болатын әлем чемпионатына барамын», — деді мәнерлеп сырғанаушы.
Сонымен қатар, Денис Тен әлеуметтік желілерге неге сирек шығатынын түсіндірді.
«Соңғы кездері әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланбаймын. Смартфондағы кей қосымшаларды да өшірдім. Әзірге @d10world лентамды және soundcloud парақшамды жаңартамын», — деп жазды ДенисИнстаграмдағы парақшасында.
Конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионаты 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда (АҚШ) өтеді.