ЭКСПО қалашығындағы қауіпсіздікке жауап береміз - Ә.Мусин - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО қалашығындағы қауіпсіздікке жауап береміз - Ә.Мусин

ЭКСПО қалашығындағы қауіпсіздікке жауап береміз - Ә.Мусин

ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының жиынында Сенегал елінен келген делегат көрме барысында өтетін мәдени жаңалықтар туралы, сондай-ақ, ЭКСПО қалашығындағы қауіпсіздік мәселелері туралы сұрақ қойд

  • 25 Ақпан 2016
  • 363
Фото - Caravan.kz


Бұл мәселе төңірегіндегі жаңалықтарды айтқан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатынастар жөніндегі департамент директоры Әнуәрбек Мусиннің айтуынша, мәдени бағдарламаларды ұйымдастырушылар туралы наурыз айында хабарланады. 



«Көрме кезінде ірі мәдени жаңалықтарды ұйымдастыратын компаниялар туралы наурыз айында хабарлаймыз. Біз мерекелік шараларды ұйымдастыру бойынша әлемнің ең үздік бес компаниясымен келіссөздер жүргіздік. Ал, жалпы, мәдени шараларды ұйымдастыруға ниетті компаниялардың барлығы біздің мемлекеттік тендерге қатысады. Айта кетерлігі, кез келген компания осы тендерге қатыса алады. Тендер қорытындысына сай, наурыз айында қосымша ақпарат таратамыз»,-деді Ә.Мусин. 



Ал, ЭКСПО-2017 көрмесі кезіндегі қауіпсіздік пен ЭКСПО қалашығындағы қауіпсіз шараларына тоқталған Ә.Мусин: 

«ЭКСПО қалашығының аумағындағы қауіпсіздік пен күзетке толықтай біз жауап береміз. Яғни, қауіпсіздікке толықтай біз жауаптымыз. Келіп-кетушілердің қауіпсіздігін қадағалаймыз. Әрине, әр адамның жеке дүние-мүлкіне 100 пайыз жауап бере алмасақ та, ЭКСПО аумағындағы ұрлық-қарлықтың алдын алуға бар күшімізді саламыз. Бұл өте маңызды мәселе»,-деп жауап берді.