Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қарағандыда вокзал маңында орын алған жол-көлік оқиғасы қайғылы аяқталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 25 Ақпан 2016
  • 341
Фото - Caravan.kz

«Қарағандыда вокзал маңындағы алаңда «ПАЗ» автобусының 39 жастағы жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты.  Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.