Автомобилін тұраққа қоймақ болған мас бойжеткен 17 көлікті соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автомобилін тұраққа қоймақ болған мас бойжеткен 17 көлікті соқты

Автомобилін тұраққа қоймақ болған мас бойжеткен 17 көлікті соқты

Краснодарда алкогольдік ішімдікке сылқия тойған жүргізуші қыз тұрғын үйдің ауласында көлігін тұраққа қоятын орын іздегенше, 17 көлікті соқты.

  • 25 Ақпан 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz

 Оқиға 23 ақпан күні күндіз Промышленная көшесінде орын алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ: соғылған көліктер аздап бүлінді.

Бойжеткенге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. LifeNews телеарнасы куәгерлер түсірген видеоны жариялады.