KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 349,87 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 349,87 теңге

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 349,87 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

  • 25 Ақпан 2016
  • 307
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 349,87 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 70 900 мың АҚШ доллары;

— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6019 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 65 000 мың рубль болды.


Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 350,25 теңгені (+1,29) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 112 000 мың USD (+37 950 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1500 тенге (жылдық  (жылдық 15,39 %), сауда-саттық көлемі 256 500 мың USD құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-  саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.