Калининград зообағынан 1990 жылы әкелінген аюдың жасы 27-ге толады. Өткен жылы жануар жаңа кең вольерге көшкен болатын.
«Аюлар ауа райын жақсы болжайды. Егер маймақ аяқтар ақпанның аяғында оянып, күн жылы болса да апанына қайта кіріп, ұйқыға кетсе, онда көктем ұзаққа созылады деген сөз. Біздегі Құрманбек пен Герда (қоңыр аюлар) қазірден бастап асыр салып жүр. Ендеше көктем ерте келіп, жаз ыстық болады», — деді зообақ баспасөз хатшысы М.Сорокоумов.



