Алматыда әйелін аңдып, тың тыңдаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әйелін аңдып, тың тыңдаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда әйелін аңдып, тың тыңдаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда әйелінің сыртынан жасырын тың тыңдаған 34 жастағы ер азамат қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлад

  • 26 Ақпан 2016
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл дерек бойынша қазір Түркісіб аудандық Ішкі істер басқармасында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге белгілі болғаны, жергілікті азамат үйіне тың тыңдайтын техникалық құрылғы орнатқан. Осылайша, әйелінің сыртынан жасырын аңдып жүрген.

«22 ақпанда, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында арыз бойынша көрсетілген осы мекен жайда рұқсат етілген тінту жұмыстары жүргізілді. Жатын бөлмеде арнайы техникалық құрылғы табылып, тәркіленді. Ол өзгертіліп қайта жасалған екен. Бұдан кейін, жедел-іздеу шаралары барысында Өзбекстанда туып өскен, 1982 жылғы «К» есімді азамат ұсталды.


Ол тергеу барысында аталған мекен жайда арнайы техникалық құрылғы орнатқандығын мойындады. Қазір тәркіленген техникалық құрылғы бойынша сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды», — деді Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының «К» бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Асқар Сысоев.