АҚШ-та өлтірілген жеткіншектердің отбасы оларды Қазақстаннан асырап алғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та өлтірілген жеткіншектердің отбасы оларды Қазақстаннан асырап алғанын айтты

АҚШ-та өлтірілген жеткіншектердің отбасы оларды Қазақстаннан асырап алғанын айтты

АҚШ-та өлтірілген жеткіншектердің отбасы балаларды Қазақстаннан асырап алғанын айтты.

  • 29 Ақпан 2016
  • 362
Фото - Caravan.kz


«Мен қазіргі кезде тек екі баланы менің әпкем Лана Қазақстаннан асырап алғанын ғана айта аламын», — деді  Лана Карлсонның туған сіңлісі  Джейми Нокула. Бұл туралы  РИА Новости хабарлады.

Еске сала кетейік, жұма күні Вашингтон штатының тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің әйелі Лана Карлсон (49 жаста) мен асырап алған екі баласы  Куин Карлсон (16 жаста) және Тори Карлсонды (18 жаста) атып өлтірген.  Кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған.  Көз жұмған тағы бір қыздың есімі әзірге аталмады. Көршілері олардың орыс тілінде сөйлескендерін айтқандықтан, жеткіншектерді Ресейден асырап алған деген болжам айтылған болатын.