Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл семинар Қазақстандық бокс федерациясымен бірлесіп құрылықтық бокс ұйымының бастамасы бойынша ұйымдастырылды, әрі АИБА білім беру бағдарламасының маңызды құрамды бөлігі.
«Қазіргі уақытта Азия өңіріндегі бапкерлік құрамның және судьялық корпустың біліктілігін арттыруға мүдделіміз. Азияның көптеген өкілдері АИБА-ның сертификатталған мамандары болса дейміз. Білім беру бағдарламасы Қазақстаннан басталғанына қуаныштымыз», — деді Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.
Курс соңында емтихан болады, оның қорытындысы бойынша Азияның 40 бапкері, 10-нан астам қазақстандық бапкер АИБА 1 және 2 жұлдызды сертификатын алады.


