Қарағанды облысы аумағында жасалған қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтар сериясын жасаған күдіктілерді ұстау бойынша операция өткен демалыс күндері жүргізілді.
"Екі күдікті ұсталды: олар 24 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері мен 27 жастағы жұмыссыз ер адам. Спортшы Астанада, оның сыбайласы Теміртауда ұсталды", — делінген хабарламада.
Екі күдікті де бес рет қарақшылық шабуыл жасағаны жайлы айғақты дәлел берді.
"Заттай айғақтар алынып, олардың осындай басқа қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағыышына қамалды, сот алды тергеу