Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесі іске қосылды

Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесі іске қосылды

Түрлі ведомстволардағы қаржылық операциялардың жүзеге асуын мемлекеттік аудиторлар тексереді. Өткен жылдың соңында қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға сай, аудиторлардың жұмысы қатаң қадағаланады. Олар атқарған жұмыстың сапасы үнемі бақылауда болмақ. Аудиторлар міндетті түрде сертификаттаудан өтуге тиіс. Бұл қызметті тек тәжірибесі мол, ұлттық комиссия сынағынан өткен азаматтар ғана атқара алады. Сапа бақылауы кезінде жұмысын тиісті деңгейде орындамағаны белгілі болған аудиторлар сәйкесінше әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

  • 29 Ақпан 2016
  • 435
Фото - Caravan.kz

Динара  Құрманғалиева, ҚР Қаржы министрлігі сапаны бақылау және ішкі бақылау қызметтерін үйлестіру басқармасының басшысы:

— Аудитордың әрбір қадамы тексеріліп отырады. Оның кәсіби біліктілігі, әділдігі қадағаланады. Оларға қойылатын талаптар күшейді. Жұмысқа кіріспей тұрып, бұл адамдар өзінің білімін растауы керек. Мемлекеттік аудиторлар өз жұмысын жаңа заңда көрсетілген стандарттарға сай жүргізуі тиіс. Егер олардың жұмысы осы стандарттарға сәйкес келсе, бақылаудан өткен мекемелерді қайта тексерудің қажеті туындамайды.