«Ақ жол» партиясының өкілдері елорданың студент жастарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ жол» партиясының өкілдері елорданың студент жастарымен кездесті

«Ақ жол» партиясының өкілдері елорданың студент жастарымен кездесті

Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат шараларының аясында партия төрағасы Азат Перуашев елордадағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенттерімен кездесті. Университеттің ұстаздары да қатысқан жиынға Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер - Мақсат Раманқұлов, Қайырбек Кемеңгер, Әсет Атабаев және «Ақ жол» партиясының қалалық филиалының басшылығы қатысты.

  • 29 Ақпан 2016
  • 473
Фото - Caravan.kz

А.Перуашев студенттермен ашық пікір алмасу үшін баяндамасын барынша қысқартып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдау үшін  көп уақыт бөлді.

«Білім саласының міндеті — студентке диплом беру ғана емес. Диплом дегеніміз не? — Ол жай ғана қағаз. Сондықтан, жастарымыздың сапалы, заманға сай білім алуына жағдай жасауымыз керек», — дейді А.Перуашев.

Партия төрағасы студенттерді олар бизнес және технология университетінде оқып жатқандықтан, соған сай білім алып, болашақта мықты бизнесмен болуға шақырды.

«Қазір осында отырған барлықтарыңыз теория тұрғысынан білім алып жатырсыздар. Бірақ, тәжірибені де ойлау керек. Мысалы, мен білетін зауыт басшыларынан «неге жас студентті жұмысқа алмайсың?» деп сұрағанымда, олар : «жас мамандар тіпті станоктың қай жағынан бастап жұмыс істейтінін білмейді, есеп құжаттарын тапсырсаң, оны да білмей отырады» деп жауап береді. Яғни, жастар жұмысқа тәжірибесіз барады. Бұның себебі — біздегі білім стандарты мен кәсіпқой стандарттар арасы тым алшақ», — деді А.Перуашев.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан  Мәжіліс сайлауына түсетін 35 адамнан тұратын үміткерлердің партиялық тізімін тіркеген.