"Сақтандырғыш клапанының істен шығуы салдарынан ауыл мектебін жылумен қамтамасыз ететін қазандықтардың бірі жарылған. Осының нәтижесінде жылу қазандығы ғимаратының шатыры (аумағы 9 шаршы метр) қирады",-деп ақпараттандырды ТЖД-дан.
Агенттікке хабарлаушының айтуынша, қазандық мектептен қашықта орналасқандықтан оқу процесіне еш кедергі келтірген жоқ. Мектепте ауа температурасы қалыпты.
Қазіргі кезде, төтенше жағдай ауыздықталды.