Алматы уақытымен сағат 09:20-да Алматы қаласының шығысында 286 км жерде Қазақстан аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 8,8, магнитудасы — 3,7. Тереңдігі — 20 шақырым.
Арада біраз өткен соң, сағат 11:05-те тағы бір жер сілкінісі тіркелді . Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 9,5, магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 5 шақырым.
Екі оқиғада да Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.