Оның айтуынша, елдің Цзянси провинциясынан шығып, қытайлық экспедиция құрамында мұзды құрлыққа келген Ван Чжэн атты дәрігер қарап отырмай, мұнда жеміс-жидек өсіріп шығарыпты. Енді осының арқасында экспедиция мүшелері жеміс-жидекпен де тамақтанатын болады, деп хабарлайды 24.kz. Мұзды құрлыққа тамақ тек сырттан жеткізілетін болғандықтан жеміс-жидек пен көкөніс атаулының бәрі мұнда тапшы және жеңсік ас болып саналады. Сондай-ақ суық ауа райына байланысты мұнда әдеттегідей үш емес, күніне 4-5 рет тамақтану керек екен. Енді Ван Чжэн өсірген жеміс-жидек пен көкөніс мұндағы қытайлық экспедицияның Антарктидада бұрынғыдан ұзағырақ уақытқа қалып, «азық-түлік таусылып қалады» деп алаңдамастан жұмысын жалғастыруына жол ашады, деп жазады cri.cn.