"Қонды! Түсірілген аппарат Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықта қонды", — деді агенттікке хабарлаушы.
Орталық әскери округтің әскери және көлік авиациясы "Союз ТМА-18М" кемесінің экипажын қарсы алды. "Союз" кемесінің қонуын іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуге 200 әскери қызметші, Ми-8 12 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 4 ұшағы және 18 автотехника бірлігі қатысуда.
ХҒС-да Жерден ауысым келгенше Тимоти Копра (АҚШ, НАСА), Тимоти Пик (Ұлыбритания, ЕКА) және Юрий Маленченко (Ресей, Роскосмос) жұмыс істеуге қалды.