Астанада екі автобус соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екі автобус соқтығысты

Астанада екі автобус соқтығысты

Астана қалалық  ІІД таңертең елордада екі жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты түсініктеме берді.

  • 2 Наурыз 2016
  • 361
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, 2 наурызда шамамен 08 сағат 20 минутта Қабанбай батыр даңғылы бойымен келе жатқан № 12 бағдардағы «Маз 203067» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Астана Арена» стадионының алдында аялдамада тоқтап тұрған № 43 бағдарындағы «Лиаз» автобусымен соқтығысқан.

«Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жоқ, емханаға ешкім хабарласпады. Тексеру жүргізілуде», — деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген сұхбатында.