Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы магистратурада оқуға үш білім гранты, бір грант докторантураға, 18 білім гранты — «Магистраль» бағдарламасымен студенттерге берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің атаулы стипендиясымен он студент жоғарғы оқу орындарына жолдама алды.
«Бұл қадам — қазіргі заман талабына орай және саланың стратегиялық дамуына байланысты Ұлттық компанияның кадр саласындағы маңызды бағыт болып табылады»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — Темір жол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығының» директоры Марал Марасилов.
Саладағы аса қат мамандық түрлерінің ішінде инженерлік-техникалық мамандар, сонымен қатар еңбеккерлердің логистика, көлік құрылысы, техникалық реттеу мамандықтарына біліктілігін көтеруге басымдық берілген.
Автоматика және басқару, электроэнергетика, көліктегі логистика және басқа да грант түрлеріне Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясының инженері Ақмарал Оңаева, Қазанбасы станциясының кезекшісі Нұрлан Бижанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Көліктегі логистиканы дамыту орталығының» бас маманы Нәргиза Дүйсенбаева, Астана жол дистанциясының жетекші инженері Нұрлан Мұқатаев ие болып, қазақстандық жоғарғы оқу орындарында білім алды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының маманы Ерлан Масалин Ұлттық компания білім грантымен Малайзия мемлекеттік университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығын алды.
2015 жылы Темір жол көлігі персоналын бағалау мен дамыту орталығы базасында 50 еңбеккер «Техникалық реттеу», «Көлік логистикасы» тақырыптарында біліктілігін шыңдады. Ондағы оқулар Бельгия, Франция, Қытай сарапшыларының қатысуымен өткізілді.
Сондай-ақ, компания еңбеккерлері Оңтүстік Кореяның KOIKA қауымдастығының «Ғаламдық темір жол сарапшысы» бағдарламасы аясында іс тәжірибеден өткізілді.