Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры "Валют-Транзит" банкінің салымшыларына "Центр-Кредит" арқылы төленетін төлемдерді беру мерзімін биылғы жылдың 10-тамызына дейін ұзартты.
Бұрынғы құжаттар бойынша төлемдерді төлеу мерзімі 10-ақпанда аяқталған болатын, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
"Салымының көлемі 700 мың теңгеден асқан Валют-Транзит банкінің салымшылары "ЦентрКредитке" хабарласып, қалған ақшасын 5 млн теңге шегінде ала алады", — делінген хабарламада.