Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға босқындар командасы қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға босқындар командасы қатысады

Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға босқындар командасы қатысады

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті.

  • 3 Наурыз 2016
  • 401
Фото - Caravan.kz


«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», — дейді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетер жайт, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.