"Айырбас бағамы әлсіреу және өсу жағына қарай өзгеретін болғандықтан, 50%-ды ұлттық валютада, 50%-ды шетелдік валютада ұстаған дұрыс", — деді ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.
Бұл ретте Қазақстанның ұлттық банк басшысы теңгедегі депозиттер тартымдылығы өсіп бара жатқандығын атап айтты.