Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші жазаланды

Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші жазаланды

Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Наурыз 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Алтын-Ұя» жеке бала бақшасының тәрбиешісі Ж.Орынбекова 2015 жылдың 28 қазанында бақша тәрбиеленушісін соққыға жығып, оның денсаулығына жеңіл дәрежеде залал келтірген», делінген хабарламада.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Ж.Орынбекованы  ҚР ҚК 108-бабы (қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру)  бойынша кінәлі деп танып, оған 25 АЕК есебінде 49 550 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сот процессі барысында қылмыстық іс-әрекет дәлелденген соң, баланың ата-анасының пайдасына сотталушы Ж. Орынбековадан  моралдық шығын өтемі ретінде 200 мың  теңге өндірілді.