Алматыда жас спортшыларға велосипедтер тарту етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас спортшыларға велосипедтер тарту етілді

Алматыда жас спортшыларға велосипедтер тарту етілді

Бүгін Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан Алматы велотрегінде 45 жас велошабандозға салтанатты жағдайда велосипедтер табыс етілді. Бұл шараға Raimbek компаниялар тобы, Almaty Bro Team спорт командасы және басқа да әуесқой велосипедшілер тарапынан қолдау көрсетілді.

  • 5 Наурыз 2016
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Спорттың дамуына қолдау көрсету — бұл кез-келген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Кез-келген ірі компания қоғамдық өмірге белсене араласып, спорттың дамуына қолдау көрсетуі керек», — деді Raimbek холдингі тамақ дивизионының бас директоры Виталий Борков.

Велосипедтерді тарту ету рәсіміне Қазақстанның велосипед спортының ардагерлері: ҚР велоспорт федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Александр Антышев,  веложарыстан әлем біріншілігінің қола жүлдегері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владислав Кухарский, ардагерлер арасында өткен 2013 жылғы Олимпиада чемпионы Алексей Абраменко қатысты.

«Біз велосипед спортына балаларды көптеп тартуға дайынбыз. Бұл үшін оларға велосипедтер және басқа да керек-жарақтар қажет болады. Ал бүгін бізге сыйға тартылған велосипедтермен біздің клубтың ең жас спортшылары  жаттығатын болады. Біз биыл Первомайский ықшам ауданында, «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде және Көктөбеде велосипед спорты мектебін ашатын боламыз», — деді А. Винокуров атындағы велоклубтың директоры Александр Макеншин. 

2
34

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера