Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды

Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды

Бразилия құрамасы құрамында жүріп әлемнің үш дүркін чемпионы атанған әйгілі футболшы Пеле екі мыңға жуық жеке затын аукционға қойды. Бұл туралы  Reutersке сілтеме жасап "Р-Спорт" хабарлады.

  • 11 Наурыз 2016
  • 439
Фото - Caravan.kz

Аукцион лоттарының ішінде — әлем чемпионаттарының үш алтын  медалі және Жюль Риме сыйлығының көшірмесі бар. Сондай-ақ Пеленің жасөспірім кезінде шұлықтарды орап жасап алған футбол добы да сатылады.

"Жанкүйерлерім мен коллекция жинаушыларда да менің тарихымның бөлшегі болсын деп шештім. Олар бұл артефакттарды бағалап, менің тарихымды балаларымен және болашақ ұрпақтарымен бөліседі деп үміттенемін", — деді Пеле.

Аукцион 7 және 9 маусым аралығында Лондонда өтеді. Алынған қаражаттың бір бөлігі бразилиялық Куритиба қаласындағы балалар ауруханасына беріледі. 


Жюль Риме сыйлығының көшірмесі 400 мың доллардан бір миллионға, әлем чемпионаттарының үш алтын  медалі  200 мың долларға, ал  Пеле соққан 1000-шы голдың добы 40-60 мың долларға сатылады деп күтілуде, деп хабарлады Vesti.kz.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера