Осыған дейін спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012-2014 жылдары аралығында спорттық шаралардан шеттетілген. Спортқа оралғаннан кейін ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысты.
2015 жылы 7 қыркүйекте Таиландта өткен ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша спортшыдан алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды. Ішкі тергеу қорытындысы аталған препаратты әдейі қолданғанын көрсетті.
Аталған фактілерге сәйкес, Тәртіптік кеңес спортшыны өмір бойына жарыстардан шеттету шешімін қабылдады.
«Ауыр атлетика федерациясы допингпен күресуде түрлі шаралар қабылдап жатыр. Фаина мұндай заңсыздыққа үшінші рет барып отыр. Сондықтан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы осындай қатал шараны қолданып отыр», — деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин.