Лондондағы Олимпиада чемпиондары Астанадағы лицензиялық турнирге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондондағы Олимпиада чемпиондары Астанадағы лицензиялық турнирге келеді

Лондондағы Олимпиада чемпиондары Астанадағы лицензиялық турнирге келеді

Лондон Олимпиадасының грек-рим күресі бойынша жеңімпаздары  оңтүстіккореялық Ким Хен-Ву және ирандық Хамид Сориан Қазақстанның елордасы Астанада Азиялық лицензиялық турнирде өз мүмкіндіктерін сынайды, деп хабарланды ВКонтакте желісіндегі Kazakhstan Wrestling Online парақшасында.

  • 16 Наурыз 2016
  • 485
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ Олимпиадаға жолдама алу үшін грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегерлері Омид Ноурузи (Иран) және Елмурат Тасмурадов (Өзбекстан) келеді. Еркін күрес бойынша әлем біріншілігінің жүлдегерлері Сосукэ Такатани (Жапония), Комеиль Гасеми (Иран) және т.б. астанамызға табан тірейді.

Жарыстың әр күнінде әр түрінен екі салмақта күш сынасады. Турнир 18-20 наурызда өтеді. Әр салмақ дәрежесіндегі финалға шыққандар олимпиадалық лицензиялардың иегері атанады.  


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера