16 наурыз күні Новосібірде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Валерий Карпин басқарған «Торпедо» командасы екі допты пенальтиден ендірді. 48-ші минутта Роман Григорян көзге түссе, ойынның 90-шы минутында Жан-Жак Бугуи екінші голды қақпаға дәл бағыттады. 86-шы минутта 11 метрлік тағы бір соққыны Александр Васильев жүзеге асыра алмады.
Бугуидің голынан кейін футболшылар алаңда төбелес шығарды. Төреші «торпедолық»: Никита Глушков пен Абдулла Абациевқа, сондай-ақ «Сибирь» ойыншысы Роман Беляевқа қызыл қағаз көрсетті.
РФО-ның Бақылау-тәртіптік комитеті жұма күні футболшылардың бір-біріне қол жұмсауына қатысты кезектен тыс отырыс өткізеді.