Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

Өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағанын жариялаған әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) рингке қайта оралуы мүмкін. Ол тіпті кездесуі мүмкін екі қарсыласының есімін атады.

  • 25 Наурыз 2016
  • 465
Фото - Caravan.kz

Олардың бірі — қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс, деп жазады, sports.kz.

«Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер.

Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы — WBC бойынша  жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО).


«Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», — деді Флойд Мейвезер.