Теннис: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямспен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямспен кездеседі

Теннис: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямспен кездеседі

Майами қаласында (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымға шықты.

  • 25 Наурыз 2016
  • 517
Фото - Caravan.kz

Жүлде қоры 6,1 млн. доллардан асатын жарыстың екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 97-інші орында тұрған Зарина осы турнирдің 31-інші, әлемнің 34-інші ракеткасы, австралиялық Дарья Гаврилованы 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші айналымда Зарина әлемнің бірінші ракеткасы, атышулы америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасады. Бірден екінші айналымға өткен Серена алғашқы кездесуінде отандасы Кристина Макхэйлді тартысты бәсекеде үш партияда (6:3, 5:7, 6:2) ұта алды.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын З.Дияс Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында С.Уильямске 2:6, 0:6 есебімен есе жіберген болатын.