«Мені елордалық клубқа шақырды, бірақ олардың бокс кеші де мамыр айына түсіп тұр. Сондықтан біз бәрін ойластырып, Майамиді таңдадық. Болашақта Астанадағы кешке де қатыса аламын деп ойлаймын», — деген сөздерін келтіреді ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Қ.Исламның ресми парақшасы.
Бұдан басқа, бұған дейін Қанат Ислам Қытайда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген.
«Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде мен Майамидегі бокс кешіне дайындалып жатырмын. Кездесуді Қытайда өткізу нұсқалары одан кейін қарастырылады», — деп баяндады Қанат Ислам.
Қанат Ислам кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Боксшы бірінші орташа салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.